АҚШ елшілігі Қазақстанға туберкулезді анықтайтын 50 құрылғы сыйлады

АҚШ елшілігі Қазақстанға туберкулезді анықтайтын 50 құрылғы сыйлады

АҚШ елшілігі Қақақстандағы туберкулез ауруымен ауратын адамдардың диагностикасын жақсарту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 50 GeneXpert аппаратын сыйға тартты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жобаны USAID (АҚШ халықаралық даму агенттігі) жүзеге асыратын болады.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозердің айтуынша, USAID (АҚШ халықаралық даму агенттігі) жиырма жылдан астам уақыт бойы отбасы денсаулығын сақтау, туберкулезбен байланысты өлім-жітім санын азайту үшін, ауруды тиімді емдеу мақсатында Қазақстан үкіметімен, медициналық қызметкерлерімен және азаматтық қоғамымен жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, оның айтуынша 2018 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында туберкулез бойынша жоғары деңгейлі жиналыста Америка Құрама Штаттары 2022 жылға қарай әлемде 40 млн адамды емдеу міндетін мойынға алған.

– Бұл мақсатқа жету үшін USAID әкімшісі Марк Грин «Туберкулезді жоятын жаһандық акселератор» жаңа инновациялық моделін жариялады. Бұл туберкулезді жою үшін оған қарсы барлық ресурстарды қолдануға бағытталған. Осы орайда АҚШ пен Қазақстан үкіметі туберкулезге қарсы күрестегі серіктестік қарым-қатынасты жалғастырады. Қазақстан үкіметімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қазақстандық отбасылардың амандығына ғана емес, жаһандық табысты емдеу мақсатына да қол жеткіземіз, – деді АҚШ елшісі.

Сонымен қатар, елші биыл USAID туберкулезбен күрес бойынша тағы бір өңірлік жобаны бастайтының да айтып өтті. «Орталық Азиядағы туберкулезді жою» немесе ETICA деп аталатын жоба өңірдегі туберкулез бойынша барлық ұлттық бағдарламаларға қолдау көрсетеді. Мұнан бөлек USAID Қазақстандағы туберкулезге қарсы препарат өндірушілерге техникалық көмек көрсететінің де айтты.

Айта кетейік, GeneXpert құрылғылары ең алдымен аппарат саны аз Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жеткізіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях