Америка Құрама Штаттары кеше, яғни, қараша айының 22-і күні ресми түрде 30-дан астам мемлекет мүше болып келген Ашық аспан шартынан шықты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Euronews сайтына сілтеме жасап.
АҚШ мұндай жоспары барын осыдан бір жыл бұрын мәлімдеген еді. Нақтырақ айтқанда, Вашингтон Ресейді Калининград облысына, Грузия шекарасына және ірі әскери жаттығу аймақтарына ұшуға тыйым салу арқылы АҚШ-тың инфрақұрылымы жайлы ақпарат жинау үшін оны теріс мәнде пайдаланды деп айыптаған болатын.
Осыған байланысты бірнеше күн бұрын Ресей СІМ Шартта қалған елдер Вашингтонмен деректерді бөлісуді тоқтатады және Еуропа елдеріндегі америкалық әскери базалар шарттан тыс қалмайды деп мәлімдеді.