«Мақал – сөздің мәйегі» атты аудандық байқау

«Мақал – сөздің мәйегі» атты аудандық байқау

Аудандық мектеп оқушылары арасында рухани байқау өткізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Асқан бір тапқырлық пен даналықтың арнасын сипаттайтын ол – қазақтың мән-мағынаға толы мақалдары екені рас. Жас ұрпақтың санасын қазақтың нақыл сөздері арқылы жаңғыртып, ұлтжанды болуға, рухани жаңғыру жолында ұлттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған байқаулардың болуы шарт. Солардың бірегейі бүгін аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталатын оқушылар арасындағы аудандық байқау өткізілді. Салт-дәстүрдің сабақтастығын жалғайтын аталған жарыстың өткізілуіне аудандық мәдениет үйі мен қаламызда орналасқан тарихи-өлкетану музейі ұйытқы болды. Шараның барысында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова байқауға қатысты өз ойын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сөз сайысына ұласқан рухани шараны жоғарыда аталған музейдің директоры Серік Қалиев өзі жүргізіп отырды.

[su_custom_gallery source=»media: 8331,8332,8333,8334″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Бес кезеңнен тұратын жарысқа ауданымызға қарасты барлық білім ошақтарынан 25 ұл-қыз қатысып, облыстық байқауға жолдама алу үшін өз бақтарын сынады.  Сондай-ақ, қанатты сөздің қадірін түсінетін барлық жас өрендерге ауданымызға белгілі білікті тіл мамандар мен ұстаздар өз бағаларын беріп отырды. Шара соңында байқауға қатысушылардың барлығы белсенділік танытқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталып, түрлі сыйлаққа ие болды. Ал, финалдық бәсекеде  Көкөзек ауылынан келген Қымбат Сламбай жүйріктігінің арқасында алға озып шығып, жарыз жеңімпазы атанып, облыстық байқауға жолдама алды. Аудан абройын арқалайтын білімділер бәсекесінде Қымбатқа сәттілік тілейміз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях