«7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

«7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының мерзімін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы үкіметте министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Министрдің айтуынша, Индустрия министрлігіне қазақстандықтардан аяқталуға жақын «7-20-25» бағдарламасының мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түскен.

«Халықтар мен банктер бұл бағдарламаны жалғастыруды ұсынып отыр. Қазір біз де бұл мәселені көтеріп, Ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз. Біз бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз», – деді Қ.Өскенбаев.

Еске салсақ, бұған дейін «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалған.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%;

Бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% құрайды;

Несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях