37 қарасайлық отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді

37 қарасайлық отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді

Қарасай ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табуда. Оның аясында бүгін 37 қарасайлық отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан басшысы Жасұлан Естенов мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған 37 отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Жаңа қоныс иелері атанғандардың ішінде әлеуметтік осал топқа жататындар, зейнеткерлер, 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі барлар, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы бағып отырған отбасылар болды.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда 87 отбасыға пәтер кілті табыс етілген еді. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін бүгінгі 37-ден бөлек 95 шақты отбасыны баспаналы ету жоспарланған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях