30 қарасайлық отбасыға ет таратылды

0
1146

Құрылғаннан бері көптеген мұқтаж әйелдерге қол үшін созып, көмек көрсетіп жүрген ауданымыздағы «AZAMATSHAKZ» қайырымдылық қоры мұсылмандардың қасиетті діни мерекесі Құрбан айт күні игі істі қолға алып, қарасайлық 30 отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Құрбан айт мерекесі – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар жасау науқаны. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі игі іс-шаралар атқарылып, көптеген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіледі. Осындай шараны біздің ауданымыздағы «AZAMATSHAKZ» қайырымдылық қорыда қолға алып, мейрамға орай көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен қарасайлық отыз отбасыға ет таратты. Аталмыш сауапты істі өткізуде қорға әрдайым көмек көрсетіп жүрген меценаттар мен орталығымыз Қаскелең қаласында орналасқан «Ақ мешіттің» имамдары қолдау көрсеткен.

Қордың директоры Мадина Саутбекованың айтуынша, мейірімділік пен ізгілік салтанат құрған осындай шаралар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып отырылатын болады.

Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш қор ауданымыздағы Жібек жолы ауылдық округінде ашылған «sky_pooll» бассейін орталығы басшылығының қолдауымен 50 баланы осы аптаның сәрсенбісі аталмыш орталыққа демалуға апаратын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь