2026 жылы Салық кодексіне енетін өзгерістер түсіндірілді

2026 жылы Салық кодексіне енетін өзгерістер түсіндірілді

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Барлық салықтың төлеу тәртібі мен мөлшері өзгереді. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қарасайлық кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ең басты өзгерістер жайлы ақпарат берді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жаңа Салық кодексі бойынша салық есептілігі 30 %-ға қысқарады, жеңілдіктер оңтайландырылады, салық берешегін өндіру, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі.

Мәселен, мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салықтық шегерім 882 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейін артпақ. Бұл – әлеуметтік тұрғыдан осал топтар үшін елеулі көмек. Маңызды өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салықтарынан бастап, инвестицияларды ынталандыру мен салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағыттарды қамтиды. Жаңадан көп жеңілдік енгізілді. Мысалы, мүгедектігі бар адамдар І,ІІ топтағы жандарға шегерім еңбек ақысын алған кезде 5 мың АЕК-ке дейін көбейеді. Шегерім 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін өседі.

Мұнан бөлек корпоративтік табыс салығы 20% деңгейінде сақталса да, ол енді салаларға қарай әртүрлі мөлшермен есептелмек. Банктер мен ойын бизнесі үшін 25 % салық белгіленсе, әлеуметтік сала ұйымдары үшін алғашқы кезеңде жеңілдіктер қарастырылған. 2026 жылы 5 %, 2027 жылдан бастап 10 % мөлшерлеме қолданылады. Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұрынғыдай 3 % жеңілдетілген шарт сақталады.

Жеке табыс салығы (ЖТС) да өзгерістерге ұшырайды. Жаңа жүйе бойынша прогрессивті шкала енгізіліп, 8500 АЕК-ке дейін табыс табатын жеке тұлғалар 10% ЖТС төлесе, табысы одан (35 096 500 теңге) жоғары кәсіпкерлер үшін – 15% мөлшерлеме қолданылады.
Толық өзгерістер жайлы ресми сайттарда жарияланған жаңа Салық кодексінен білуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях