2022 жылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге

2022 жылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтіп, биылғы пітір садақаның мөлшері және Рамазан айының басталатын уақыты белгіленді.

«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттың қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды», – делінген ақпаратта.

Жиында наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын мәлімдеді. Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданған.

Сонымен 2022 жылғы Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях