2019 жылы елімізде халық санағы электронды түрде жүргізіледі

2019 жылы елімізде халық санағы электронды түрде жүргізіледі

Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүргізіледі. Санақ қағаз форматында емес, электронды түрде жүргізілетін болады. Бұл туралы karasayinfo.kz желілік басылымы хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Статистика жөніндегі комитеттегілердің мәлімдеуінше, бұл жаңа формат санақ жүргізу мен алынған мәліметтерді өңдеу процесін барынша жеңілдетеді.

Санаққа қатысты ведомство арнайы сайт ашып, онда  89 сұрақ енгізіледі.Ал оның 45-і жеке мәліметі мен келешектегі жоспарларына қатысты болмақ. Мәселен, қазақстандық тұрғындардың басқа елге көшуі немесе елде қалуы, басқа елге қоныс аударуы, әрі оныңсебебі қатысты сұрақтар кездеседі. Бұлардан бөлек, неке мен отбасылық статусына байланысты сауалдар да қойылатын болады.

Еліміздегі бұл алдағы жалпыхалықтық санақ кезең-кезеңімен өткізілетіді. Оның алғашқысы мамыр-маусым айларында болса, екінші кезеңі қараша айында жүргізілетін болады.

Қазақстандықтар санақтан өту үшін арнайы сайтқа тіркеліп, ондағы ұсынылған сұрақтарға жауап беру керек. Жалпы, бұл электронды санақтан бөлек, әдеттегідей санақ жүйесі де қатар атқарылмақ. Ол үшін 30 мың еріктілер үйлерді аралап, санақ жүргізеді.

Халық санағын жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 8,8 млрд. теңге бөліну қарастырылған.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях