Жұлдызы жанған Гаухар

Жұлдызы жанған Гаухар

Жуырда Парижде өткен халықаралық байқаудан жетісулық Гаухар Оразғалиева жүлделі оралды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ағымды жылдың наурыз айында өткен «Париж, мен сені сүйемін!» атты байқауға 30 мемлекеттен 400-ден аса балғын қатысқан. Аталмыш сайысқа Гаухар Оразғалиевада қатысып, ақын Рахым Жанаевтың «Құтты ұям» әнін орындап, жүзден жүйрік шықты.

Франция елінен жеңіспен оралған Гаухар қараша айының үші күні Қытай астанасы Бейжіңде өтетін халықаралық байқауға жолдама алған. Енді ол «Әнші болғым келеді» атты сайыста қазақ елінің намысын қорғамақ.

– Байқауға барымды салып дайындалдым. Бақ шабама, бап шаба ма? демекші  бағым жанып, жүлдемен оралдым. Ендігі арманым – Бейжіңде өтетін байқаудан сүрінбей өту, – дейді әнші Гаухар.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях