1 наурыздан бастап Қаскелең ішінде «эксперимент-маршруткалар» қатынайды

1 наурыздан бастап Қаскелең ішінде «эксперимент-маршруткалар» қатынайды

Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев Қаскелең қаласының ішінде қоғамдық көліктердің жүрмейтініне таңғалды. Бұл мәселе бүгін «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалында көтерілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жиынға арнайы қатысқан «Қаскелең автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Арыстан Манановтың айтуынша, қала ішінде жүретін қоғамдық көліктер өзін ешқашан ақтамайды. Тіпті, халық оған отырмай, жолшыбай алып кететін таксилерге мінетін көрінеді. Сондықтан Қаскелеңде маршруттардың бос жүргені автопаркке де тиімсіз.

Ал, аудандық мәслихаттың депутаты Мұхтар Байқұлов сөзінше, тұрғындар қоғамдық көліктердің жүрмеуіне наразы. Әсіресе, Райымбек көшесінің бойындағы (бұрынғы Сенная) тұрғындар үшін автобустардың қажеттілігі қатты білінеді. Осы ретте Қарасай ауданының халық қалаулысы сынақ ретінде сол қоғамдық көліктерді тағы жүргізіп көрсе деген ұсынысын жеткізді. Мұны Мәжіліс депутаты Данияр Кеңғазыұлы бірден қолдап, оны жақын күндері байқап көрсек деген ойын білдірді. Бұл бастамаға Қаскелең автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Арыстан Мананов та келісті. Дегенмен оның ойынша, бұл жоспар шығынды ақтамайды.

Жиында түрлі пікір болғанымен, ағымдағы жылдың 1 наурызында сынақ ретінде қала ішінде қоғамдық көлік жүретін болды. Оған қатысты ақпараты тағы да қосымша хабарланады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях